Компания туралы

Faberlic-ке
қош келдіңіз

сізге және сіздің жақындарыңызға арналған  
әдемі шешімдер мен шабыт
сыйлайтын идеялар әлемі

КЕЛІҢІЗ, ТАНЫСАЙЫҚ!

Faberliс - 12 жылдан астам уақыттың ішінде әлемнің ең ірі парфюмериялық-косметикалық топ-100 компаниялардың қатарына енген жалғыз ресейлік компания, ал дағдарысты 2015 жылы өсіп-өнуі бойынша 3 орынға көтерілді*. Бұл рейтингке ену үшін жыл сайын 50 000-нан астам түрлі брендтер күресіп келеді.

*Рейтинг жыл сайын Woman’s Wear Daily. журналында

компания туралы деректер

жылына 1 500
жаңа өнім шығарылады

заманауи отбасына арналған
өнімдердің кең ассортименті

табысты
> 20жыл
нарықта 1997 жылдан
бері жұмыс істеп келеді

> 1000 тауар
әр каталогта

7 847 000 отбасы
(28,6%) Ресейде
біздің сапаға сенеді*

*Тұрақты IPSOS COMCON зерттеулері бойынша
«Мақсатты топтардың ресейлік индексі»

20 000 000
дана

каталогтардың жылдық таралымы

Біздің
тарих

Жылдан жылға >>

1997

2001

2003

2005

2007

2009

2010

2011-2012

2013

2015

2016

2017

2018

«Русская линия» косметикалық компаниясының пайда болуы

Бренд жаңа Faberlic атауына ие болды

Біз қарқынды түрде халықаралық деңгейде дами бастадық.

Faberlic 15 ТМД және Балтық мемлекеттеріндегі тікелей сатылым бағытындағы ресейлік ірі компанияға айналды.

Біздің зертхана косметология саласында жаңалық ашып, оттегі кешенінің «Двойное дыхание» Novaftem жаңа формуласын жарыққа шығарды.

Компания интернет-платформаны жасап шығарды: тапсырыстар енді онлайн жасалады.

Жаңа логистикалық үлгі: сату және жеткізу бөлімшелерінің саны 200-ден 2000-ға дейін артты (бүгінгі таңда олардың саны 10 000 асады).

Edelstar, Infinum және Sengara маркаларымен бірікті. осы сәттен бастап біздің каталогта өнімдер қатары көбейді, ал біздің командаға - дарынды және табысты көшбасшылар келіп қосылды.

Балалар киімі мен шұлық өнімдері сатылымға түсті.

Біз әйелдер киімін іске қостық және осы бағытта бірден рекорд орнаттық: жаңа топтама секундына 1 көйлек жылдамдығымен сатылып келеді.

Әлемге танымал fashion-дизайнер Алена Ахмадуллинамен бірге коллаборация жасалды. Бізге Florange және Дэнас МС сауда белгілері қосылды. Енді Faberlic-тің өнімдерінің қатарында 16 тауарлық категория бар.

Тағы да сәнді коллаборация, бұл жолы кутюрье Валентин Юдашкинмен бірге және жұлдызды стилист Александр Роговпен бірге жасалды. Біз Иванов облысында жекеменшік өндірісімізді аштық.

Біздің портфолиода тағы екі жұлдызды коллаборация бар. Актриса әрі режиссер Рената Литвиновамен бірге біз эксклюзивті хош иіс пен декоративті косметика желісін шығардық, ал актриса Юлия Высоцкаямен бірге - асүйге арналған сәнді аксессуарлар топтамасын дайындадық.

Негізгі ұстаным
Faberlic –
кең ассортимент + қолжетімді бағалар

оттегі негізіндегі
косметика

Оның негізінде - орыс ғалымдарының жетістіктері, ерекше перфтокөмірсуларының кешені бар, ол оттегіні ауадан алып
терінің терең қабаттарына жеткізеді. Сонымен қатар, оттекті кешен өзімен бірге пайдалы қоспаларды "жеткізеді" - осылайша тері барлық қажетті заттармен қамтылып, жас
және сау күйіндще сақталады.

Жеке гигиена

Faberlic өнімдерінің қатарында
желілер мен құрылымдар өте көп. Таңдау мүмкіндігі зор. Сондай-ақ табиғилығымен (оның ішінде сіз
жақындығымен (сүйікті гүлдерге, жеміске немесе тәттіге ) және күрделілігімен (хош иістердің
көбі бірден ашылмайды, парфюмерия секілді әсері уақыт өте байқалады) танылған ерекше хош иістер де аз емес.

Макияж

Біз ағымдағы сәнді бақылап отырамыз және сіздерге қолжетімді бағамен түстер палитрасын, инновациялық формула мен қымбат текстураларды ұсынамыз. Біздің өнімдер образдармен тәжірибе жасап қана қоймай, макияж барысында теріге күтім де жасайды. Біздің көп жылдық серіктесіміз - формула мен декоративті косметика шикізатын өндірудегі халықаралық көшбасшы деп танылған италиялық Intercos компаниясы, сондай-ақ ол люкс дәрежелі брендтер арасында танымал.

Шаш күтімі, стайлинг және бояулар

Күнделікті
және кәсіби шаш күтіміне арналған құралдарды таңдаңыз,
сонымен қатар шашты сәндеуге арналған өнімдерді де ұмытпаңыз. Бізде
өсімдіктер сығындысының негізінде жасалған сериялар, жинақтамалы әсері бар инновациялық өнімдер, шаш пен бас терісінің ерекше проблемаларын шешуге бағыталған ұсыныстар, сонымен қатар құрамында қарқынды әсері бар салон сериясы бар.

Парфюмерия

Faberlic портфолиосында ерлер мен әйелдерге арналған 70-тен астам бірегей хош иістер бар, олардың авторы – Бертран Дюшофур, Том Фонтен, Морис Русель, Пьер Бурдон, Дельфин Лёбо және әлемдік парфюмерияның басқа да жұлдыздары. Барлық туындыларды біз тек Францияда жасатамыз.

Бьюти-
аксессуарлары

Біздіңше теріге көрсетілетін сауатты күтім –
бұл тек косметика ғана емес, сонымен қатар тері саңылауларын толық тазартуға мүмкіндік беретін, басқа құралдардың әсерін күшейте алатын, күнделікті әрекетті
бьюти-салтына айналдыра алатын кішкентай көмекшілер. Ал біздің макияжға ұсынатын бояу жаққыштарымыз кәсіби бет әрлеушінің кейсін толықтыруға тұрарлық құралдар болып табылады!

Ересектерге
арналған киімдер

Әр мезгілде біз сіздерге сәнді, ыңғайлы және қолжетімді бағамен сатылатын жаңа киімдер топтамасын ұсынамыз. Танымал дизайнерлермен бірігіп шығарылатын коллаборацияларда біз ерекше киім үлгілерін шығарамыз: жаңа
маталардан тігілген киімдерді, авторлық пішімдерді, қайталанбас суреттері бар және бөлшектермен сәнделген.

Балаларға
арналған киімдер

Балабақша, мектеп, спорттық
жарыстар немесе досыныңғ туған күні - балаңыз қайда жиналса да
сіз оған Faberlic-тен жағдайға сәйкес келетін киімді таба аласыз. Табиғи маталардан тігілген сәбилер топтамасын да бізден табуға болады!

Аяқ киім

Әр мезгілді қолжетімді сәнді топтамада қарсы алыңыз. Біздің каталогта кез келген талғамға және кез келген қалтаға сай келетін үлгілерді таба алсыз: классикалық, күнделікті өмірге арналған және өте сәнді - таңдау жасаудың қажеті жоқ, бәрін бірден алыңыз!

Аксессуарлар

Таңдаулы әшекейлер, орамалдар, бөкебайлар, сөмке, белбеу, қолғаптар, ал жазға қарсы жағажайға арналған топтамалар: Faberlic өнімдерінің ішінен сіз әркез өзіңіздің сәнді образыңызды толықтыра алатын дүниені таба алатыныңыз анық.

Ішкиімдер
және суға шомылуға арналған киімдер

Біз күнделікті киюге болатын мақта матасынан тігілген сәнді ішкиімдерді және шілтермен және ерекше жағдайларға арналған басқа да нәзік
бөлшектермен сәнделген романтикалық үлгілерді ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің ассортиментімізде арнайы толық ханымдар үшін үлкен өлшемді
және ыңғайлы пішімді киімдер бар.

Шұлық өнімдері

Үлкендер мен балаларға арналған
негізгі және сәнді жаңа өнімдер үлгілері: әдемі түсті әрі дизайнерлік бөлшектермен сәнделген колготкалар мен шұлықтар; күнделікті кию және спортқа арналған қысқа шұлықтар - барлық өнімдер мықтылық пен ұзақ киюне кепіл бола алатын сапа бақылауынан өтеді.

Үйге арналған косметика

Жоқ, бұл әдеттегі тұрмыстық химия емес,
бұл - ұқыпты әсер ететін және тиімді жұмыс істейтін хош иісті құралдар. Барлық тазалайтын құралдар өсімдік негізіндегі шикізатан өндіріледі және табиғи жолмен ыдырайды. Яғни өнімдер сіз үшін де, сіздің жақындарыңыз үшін де әрі қоршаған ортаға да қауіпсіз. Өнімдердің құрамы құнарландырылған, яғни дүкендегі өзге құралдарға қарағанда үнемді.

Үйге арналған өнімдер

Сізге асүйде, үй жинауда
көмекші бола алатын жүздеген пайдалы ұсақ-түйектер, және үйіңіздің сәніне айнала алатын сәнді аксессуарлар. Олардың қатары үнемі толықтырылып отырады, біздің жаңалықтарды назардан тыс қалдырмаңыз!

Пайдалы тағам

Біз тағамға арналған заманауи қоспаларды ұсынамыз, олар сіздің ағзаңызды барлық қажет заттармен қамтамасыз етеді, сонымен қатар салмақты басқару және пайдалы тағам бағдарламасын ұсынамыз - мұндалы пайдалы тіске басарлар және қатаң диетасыз, күйзеліссіз жаңа өмірді бастауға мүмкіндік беретін арнайы препараттар бар.

Денсаулыққа
арналған гаджеттер

ДЭНС-терапия
18 жылдан астам уақыт бұрын пайда болды: бұл уақыттың ішінде ол РФ денсаулық сақту және әлеуметтік дамытуды бақылау федерациялық қызметінің деңгейінде ресми түрде мойындалды. Бұл бағытта 29 докторлық және кандидаттық десертация қорғалды, 1000-нан астам ғылыми мақалалар жазылды, оның ішінде 5 монография және дәрігерлерге арналған 20-дан әдістемелік ұсыныстар бар.

Біз
төменгі бағалар арқылы
жоғары сапаны қалайша қамтамасыз етіп келеміз?

  • Көп жылдық
    серіктестік

    Шикізаттың және қаптамалардың жеткізушілерімен бізді тұрақты іскери қарым-қатынас байланыстырады. Алып компаниямен орнатқан серіктестігін бағалай отырып, серіктестер бізге бәсекелестікке қабілетті бағаны ұстап тұруға мүміндік береді.

  • Меншікті
    өндіріс

    Біздің қолымызда өзіндік құны мен сапаны басқаратын басты тетіктердің бірі бар. Faberlic-тің ғылыми орталығында ғыдымды қажетсінетін бірегей формулалар жасалады, біз оларды ешбір дәнекерсіз өнімге енгізе аламыз және сапасын толық бақылай аламыз.

  • Бөлшектеп сатудан
    бас тарту

    Біз бөлшектеп сатудан бас тартып, тікелей сатылым жолын таңдадық. Өнімнің құнына
    көтермелеп сататын саудагерлер мен дүкендердің пайдасын
    енгізудің қажеті жоқ. Табысты тек біздің Кеңесшілер алады.

сапа
стандарттары

ISO 9001-2015, ISO 22716-2006

Good Manufacturing Practices (GMP)

Халықаралық сапа стандарттары кепілдік береді: барлық құрал-жабдықтар, өнідірс ұстанымдары мен технологиялық процестер жоғарғы деңгейде. Одан басқа барлық өнім ГОСТ пен СанПин-ге сәйкес сынақтан өткізіледі.

DSA РПКА

Компания Тікелей сатылым қауымдастығының
және Ресейлік
Парфюмериялық-косметикалық қауымдастықтың мүшесі болып табылады.

Қауіпсіздіктікті бағалау


IN VITRO әдісімен анықталады, жануарларға сынақ
ӨТКІЗІЛМЕЙДІ

сертификатты қарау

Халал сертификаты

Өнімдердің құрамында мұсылмандарға тыйым салынған ингредиенттер жоқ және исламның барлық ережелеріне сәйкес келеді

сертификатты қарау
01

Сапа көшбасшысы
премиясының лауреаты

"Жыл хош иісі" халықаралық байқауында 12 парфюмериялық Оскардың иегері атанды

Platinum

Fantaisie

Incognito

Incognito

Intempore

Fortunata

Collection des Miniatures

Faberlic MAMA

CRUISER

Pour Toujours

Collection Privee

Collection Privee

Collection Privee

Beauty Cafe

Vent d'Aventures

02

Ресейлік парфюмериялық-косметикалық қауымдастық ұйымдастырған

Менің косметикамбайқауының лауреаты

Prolixir іркіті

Expert кондиционері

Garderica

Garderica

Garderica

Garderica

Garderica

03

«Жылдың fashion-коллаборациясы» номинациясындағы

PRO Fashion Awards премиясының иегері

Faberlic by Alena Akhmadullina

04

Бүкіл ресейлік
100 үздік ұйым байқауының лауреаты

Экология және экологиялық менеджмент

05

1000 үздік кәсіпорын байқауының

"Үздік парфюмериялық-косметикалық кәсіпорын" номинациясының жеңімпазы

06

"Проэкспо" көрмесінің аясындағы

Инновациялық өнім байқауының жеңімпазы

«Пропионика» концентраты

Құрамында +Fe, +Cu, +Co пребиотиктері бар алма киселі

Сүт сарысуындағы нәзік какао

"Күн" коктейлі

"Кеш" коктейлі

"Алоэ-гель" сусын концентраты

07

«Тері күтіміне арналған косметикалық құралдың ең үздік текстурасы» номинациясында

Care Creation Awards 2016 байқауының жеңімпазы

Түнгі Renovage кремі

08

Ресейдің инновациялық қызметіне қосқан үлесі үшін


Инновация және даму құрмет медалінің иегері

09

Жыл сайынғы
Тұтынушылардың құқығы және қызмет көрсету сапасы премиясының лауреаты

Platinum оттегі негізіндегі іркіт

by Valentin Yudashkin хош иістері

by Valentin Yudashkin хош иістері

by Valentin Yudashkin хош иістері

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

Bio Faberlic денсаулыққа арналған өнімдер

10

Халықаралық InterExpoShow форумының шеңберінде өтетін

Хрустальный лотос премиясының алтын медаль иегері

Жүн және ерекше маталарға арналған кір жуатын ұнтақ

Су негізіндегі иіссіз спрей-антистатик

Тазалауға арналған құрал

Тазалауға арналған құрал

Жуынатын бөлмеге арналған тазалауға арналған құрал

Дәретханаға арналған құрал

Дақ кетіретін спрей

Ыдыс жууға арналған қойлтылған құрал 0+

Жуылатын кірге арналған ультра-кондиционер

Жуылатын кірге арналған ультра-кондиционер

Плиталар мен пештерді тазалауға арналған құрал

11

"Әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорын" құрметті атағы берілген

Жылдың ең үздік компаниясы байқауының жеңімпазы

Faberlic-тің
ғылыми зерттемелері

  • Иконка

    Инновациялық зерттеулер жүргізетін меншіктік ғылыми зертханасы бар

  • Иконка

    34 ресейлік және шетелдік ғылыми патенттер 

  • Иконка

    Ресейлік университеттермен және әлемдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірігіп жұмыс жасайды.

  • Иконка

    10 ғылыми қызметкер

Косметикалық
өндіріс

  • Иконка

    Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес қаланған заманауи және экологиялық тұрғыдан ең сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілген 35 000 ш.м. өндірістік алаңы

  • Иконка

    Өндірістік қуаты -жылына 400 млн.бірлік өнім.Faberlic фабрикасы Ресейдің ең ірі косметикалық кәсіпорындарының қатарына кіреді.

  • Иконка

    2017 жылы біз тұрмыстық химия, оттегі негізіндегі және декоративті косметика цехтарын толық автоматтандырдық, жаңа 15 өндірістік желіні іске қостық.

  • Иконка

    360 жұмыс орны

Тігін
өндірісі

  • Иконка

    2017 жылдың мамыр айында ашылды.

  • Иконка

    заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 2500 ш.м. өнідіріс алаңы

  • Иконка

    Өндірістік қуаты жылына 1 000 000 бірлік өнім

  • Иконка

    350 жұмыс орны

Біздің географиямыздағы

40

мемлекетке

өнім жеткізіледі

Иконка 8 500

сату орыны

және әлем бойынша тапсырыстарды тарататын бөлімшелер

25

мемлекетте

ресми өкілдіктері ашылған

Faberlic-тің
өкілдіктері

Ресей
Қазақстан
Украина
Белорусь
Молдова
Латвия
Литва
Эстония
Польша
Румыния
Чехия
Әзірбайжан
Армения
Грузия
Өзбекстан
Түркіменстан
Қырғызстан
Тәжікстан
Түркия
Марокко

Бизнестің мүмкіндіктері

  • тіркелу

    faberlic бірден

    20%-дан басталатын жеңілдікті береді

  • Подарок

    Сыйлықтар мен бонустарды

    алу мүмкіндігі

    +жабық акцияға
    және жаппай сатылымға қатысу мүмкіндігі

  • Өзіңіз үшін және жақындарыңыз үшін сауда жасауды жалғастыра беруге болады

    және табыс табуды

    бастауға болады

    Серіктес болу
Стрелка
Парнёры

компанияның
іскери серіктесі болу арқылы

  • Иконка

    Сіз шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізесіз

  • Иконка

    Пікірлестер командасымен бірге бизнес құра бастайсыз

  • Иконка

    Тегін қолдау мен кеңес аласыз

Серіктестік туралы толығырақ >>

Faberlic көмектеседі және қамқорлыққа алады

Біз мықтылар сүйеніш бола білу керек деге ұстанымды қолдаймыз, сондықтан бірқатар әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсетеміз

  • Иконка

    Жастар мен көп балалы аналарды
    қолдау бағдарламасы

    Faberlic-тің іскери серіктестері үшін жастар мен көп балалы аналарды, сонымен қатар бала асырап алған ата-аналарды қолдайтын бағдарлама іске қосылған. Жыл сайын Faberlic-тің жас аналарға беретін төлемінің сомасы орташа есеппен 4 млн. рубльді құрайды.

  • Иконка

    Қайырымдылық қорларға
    көмектесеміз

    Біз үнемі мүгедектерге, қарияларға, тұрмысы төмен отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық көрсететін қорларға көмектесеміз. Сондай-ақ,аймақтық балалар үйіне жәрдем береміз ("Аймақтық балалар үйі" тізіміне сілтеме)

    • «Возрождение и Надежда»
    • "Анна"
    • «Многомама»
    • МРО «Новокосино» МГО ВОИ
    • «Планета добра»
    • «Святителя Луки»
    • «Жизнь»
    • «Детские деревни SOS»
    • «Подари жизнь»
    • «Жизнь как чудо»

Команда

Алексей Нечаевтің
сұхбатын оқу
(орыс тілінде)

https://expert.ru/expert/2016/42/ne-suschestvuet-sekretnogo-ingredienta/ https://www.vedomosti.ru/business/characters/2017/03/20/681819-vmesto-yahti-zavod https://www.rbc.ru/magazine/2017/05/58f61ff39a79471b52f605c5

Иконка "Құпия ингредиент, яғни жетістіктің бірегей сыры жоқ. Әртүрлі жолдарды - өнімдерді, әдістерді, идеяларды көру керек...Солардың ішінде қайсысы адамдарға жақын болса, соған инвестиция жасаған жөн.

Маған үнемі адамдармен жұмыс істеген ұнайтын. Бизнесті көпшілікпен және көпшілік үшін құрғанда өзің де өзгере бастайсың. Бұл сені де,әлемді де өзгертеді"

Алексей Нечаев

Компанияның негізін қалаушы және президенті

Иконка "Маған Faberlic-тің бір орында тұрмайтыны, үнемі даму үстінде болғаны ұнайды. Біз әркез жаңаға ұмтылып, үлкен жетістікке жетуіміз керек. Әрдайым ілгері жүру арқылы компанияда шығармашылық атмосферасы қалыптасады және бұл үрдіс қызметкерлерді ынталандырады"

Алла Анникова

Атқарушы директор

Иконка "Мен дарынды адамдарды көрдім: креативті, өз миссиясын терең ұғынатын, нәтижеге перфектті қарайтын адамдарды да көрдім - командамызда тың идеялар көп.

Демек, жұмыс нашар жасалуы мүмкін емес, себебі сен әр бөлшек үшін барыңды саласың. Біздің мақсаттарымыз да биік - жоғары көтер, кеше жасай алмағаныңды бүгін баста"

Андрей Бурматиков

Fashion-директор

Иконка «Faberlic –энергетикалық тұрғыдан таң қалдырарлықтай компания. Кәсіби мамандар командасы - ісіне ұқыпты, белсенді, креативті, ең ғажайым тапсырмаларды шеше алатын, батыл армандарды өмірге айналдыра алатындар. Осындай ұжымның бір мүшесі болудың өзі бақыт. Біз 20 жылдан астам уақыт біргеміз".

Римма Корнеева

Бас косметолог, Ғылыми зерттемелер орталығының жетекшісі

Иконка «Faberlic мен үшін - бұл ең алдымен жарқын тұлғалар, нағыз көшбасшылар ортасы. Олармен сұхбаттасу, бірге жұмыс жасау - бұл керемет ләззат сыйлайтын іс. Тек пікірлестердің арасында біз әрқайсысымызға ашылатын барлық мүмкіндіктерді көре аламыз»

Ирэна Лукиянова

Дамыту жөніндегі директор

Иконка "Кез келген бизнес - бұл қарым-қатынас. Адамдар барлық мәселені бірігіп шешіп, ортақ нәтиже шығарады не өзара бәсекелеседі. Ал Faberlic ұжымында қолдау көп. Мен кеше келген жаңа тіркелушілердің дамып жатқанын күнделікті көріп отырамын, олар өсіп, өздері келген компанияны да өзгертіп жатқанына куәмін.

Біз барлық жаңалыққа ашықпыз. Жаңа идеяларды қуана тыңдаймыз және ортақ болашағымыз үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз. Сондықтан да болар, біздің барлық батыл жобаларымыз іске асуда".

Дмитрий Сотников

Қаржы директоры

Иконка "Өмірде сені қоршаған адамдар мен сенімен бірге тіршілік жасап жүрген адамдар қымбат. Мен үшін Faberlic-тегі ең басты ресурс - ол жанымдағы ашық, ақылды әрі өз жұмысын жақсы игерген әріптестерім.

Олармен бірге кез келген мәселе шешімін таба алады. Себебі біздің мақсатымыз ортақ - әлемді әдемі ету".

Валерий Капленко

Ақпараттық технология жөніндегі директор

Иконка "Мұнда армандар орындалады және бұл бос сөз емес. Біздің компанияда әркім өз мүмкіндігін көрсете алады. Айналамыз үнемі қарқынды даму үстінде, бұның барлығы сені шабыттандырып, күннен күнге жақсы жағыңнан дамуға өз септігін тигізетіні анық.

Дмитрий Ханковский

Операциялық директор

Сілтемемен бөлісу

Мы используем файлы Cookie,

Чтобы улучшить работу сайта и предоставить Вам больше возможностей для покупок. Продолжив пользоваться сайтом, Вы даёте свое согласие на применение файлов Cookie.