Артикул бойынша жылдам тапсырыс беру

fhn

1-ҚАДАМ. Тауарды себетке қосыңыз.

Егер сізде сатып алатын өнімдердің тізімі дайын болса уақытыңызды үнемдеп, жылдам тапсырыс беру қызметін пайдалануға болады. Сізге қажетті тауарды және өнімнің сериясын іздеп, каталогты парақтаудың қажеті жоқ, бар болғаны артикулды енгізіп, тапсырысты рәсімдесеңіз жеткілікті.

Сайттың жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан қажетті таңбаны басып, жүйеге кіріңіз де, себетке өтіңіз.

Мұнда жеткізудің жаңа мекенжайын қосуға немесе бұрын енгізілген мекенжайларды тізімнен таңдауға болады. Ол үшін «Жеткізу әдісін таңдаңыз» батырмасын басыңыз. Жүйе жеткізуге болатын мекенжайларды таңдауға мүмкіндік береді.

Тез тапсырыс беру үшін тауардың артикулын немесе атауын іздеу бағанына енгізу қажет.

Барлық тауарларды таңдағаннан кейін акциядағы тауарларды таңдауға өтіңіз.

2-ҚАДАМ. Промоакцияларды таңдаңыз

Акцияға қатысатын тауарлардың бір бөлігін сіз тапсырысқа бірден қоса аласыз. Кейбірі "Сіздің себетіңізге арналған акциялар" бөлімі арқылы себетте таңдалады. Олардың құрамы қолданыстағы каталогтан және сіз қандай орындаған акциялардың шарттарына байланысты болады.

Акциялар көрсетілген блокты шерткенде супер бағамен ұсынылатын тауарлардың тізімі ашылады.

Қажетті акцияны тауып, "Тауарларды таңдау" батырмасын басыңыз. Өнімдердің қажетті санын көрсетіп, "Қолдану" батырмасын басыңыз.

Барлық акциялар тапсырыс беру тәсілімен бірге әр каталог кезеңінің басында "Каталогтың жаңалықтары" бөлімінде жарияланып отырады.

"Сіздің себетіңізге арналған акциялар" бөлімінен сіз бизнеске арналған қосалқы материалдарды (жеңілдіктермен берілетін каталогтар, шағын үлгілер және т.б.) таңдай аласыз.

Егер негізгі тапсырыстың сомасы жеңілдік үшін жеткіліксіз болса, кейбір акциялар көрінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тапсырысқа тағы тауарлар қосыңыз, сонда ғана "Сіздің себетіңізге арналған тауарлар" бөлімінде қажет акция пайда болады.

3-ҚАДАМ. Тапсырысты рәсімдеңіз

"Тапсырыстың қорытындысы" блогында: тапсырыстың құны каталог бағасымен, тапсырыстың құны жеңілдіктермен, тапсырыс үшін берілетін ұпай көрсетілген. Тапсырысты жалғастыру үшін "Жалғастыру" батырмасын басыңыз. Артынша тапсырыстың чегі мен соңғы бағасы көрсетілген терезе пайда болады. Мұнда сондай-ақ жіберілетін жүктің жалпы салмағы және сіздің тапсырысыңыздағы тапсырыстың саны көрсетіледі. Осы қадамда жеткізілім түрлерінің бірін таңдауға болады:

  • Барлық тапсырысты біржола алып кету (барлық тауарлар қоймада пайда болған кезде).
  • Екі бөлікке бөлу (бірінші сіз қоймада бар тауарларды алып кетесіз, ал қалғандарын - бәрі толық қоймаға түскен кезде).
  • Келіп түскеніне байланысты (біз тауарларды келіп түскен күніне қарай біріктіріп, тапсырысты бірнеше бөлікке бөлеміз).

Осы жерден сіз қажет болған жағдайда "Артқа" батырмасы арқылы себетке кері орала аласыз.

Тапсырысты аяқтау үшін "Тапсырыс беру" батырмасын басыңыз. Тапсырыстың өткендігін растайтын терезе пайда болады.

Назар аударыңыз: "Тапсырыс беру" батырмасы басылған соң тапсырысты растаудан бас тартуға болмайды, сіз оны тек жоя аласыз. .

Тапсырысты төлеу үшін "Төлеуге ауысу" батырмасын басыңыз.

Сілтемемен бөлісу

Мы используем файлы Cookie,

Чтобы улучшить работу сайта и предоставить Вам больше возможностей для покупок. Продолжив пользоваться сайтом, Вы даёте свое согласие на применение файлов Cookie.