Кеңесшіні қалай тіркеуге болады

регистрация

Faberlic.com сайтында тіркелу – өте оңай, тез әрі тиімді.

  • Мүлдем тегін!
  • 2 минуттан артық уақыт алмайды.
  • Сауда жасау үшін 20%-дан басталатын дифференциалды жеңілдік .
  • Тапсырыстарды өздігінен басқару.

Сонымен қатар, тіркелу табыс табу үшін мүмкіндіктер береді: сіз Faberlic кеңесшісі бола отырып, өз бизнесіңізді ұйымдастыра аласыз.

Біз сіздерге сайтта тіркеудің барлық әдістері бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды дайындадық. Faberlic-ке қосылыңыз!

Қалқымалы терезеде өздігінен тіркелу

Жылдам дербес тіркеуге арналған нысан сайттың басты бетіндегі қалқымалы терезеде, интернет-дүкенде немесе себетте (сайттың жоғарғы оң жақ бұрышында тиісті белгішені басу арқылы өтуге болады), егер сіз әлі тіркелмеген (расталмаған) болсаңыз. Бірінші қадамда бірнеше бағандарды толтырыңыз:

  • Аты,
  • E-mail,
  • Телефон – нөмірді SMS коды арқылы растау қажет.
  • Faberlic-ке сізді шақырған кеңесшінің аты-жөні (егер сізді таныс кеңесші шақырса).

Біздің таратылымдарға жазылу үшін "Жаңалықтар мен акциялар жайлы білгім келеді" деген сөздің жанына белгі қойып, "Растау" батырмасын басыңыз. Енді сіз Faberlic-ке тіркелдіңіз, сіз артықшылығы бар сатып алушылардың арнайы бағасын көру мүмкіндігіне ие болдыңыз.

"Растау" батырмасын басыңыз: "Қосымша параметрлер" терезесі ашылады, ол жерге тұрғылықты мекенжайды және өнім тарату бөлімшесінің ең ыңғайлы орнын көрсету қажет. Бұл ақпаратты кейінірек көрсетсеңіз де болады.

Егер сіз тауарды алу үшін өнім тарату бөлімшесін көрсетпеген болсаңыз, оны себетке кіру арқылы жасай аласыз.

Ұсыныссыз өздігінен тіркелу

Бұл тіркеу тәсілі егер сізде таныс Faberlic кеңесшілері жоқ болған жағдайда жарамды. Тіркелгеннең кейін сайтта жеңілдікпен сауда жасау мүмкіндігі пайда болады, пайдалы акцияларға қатысып, қаласаңыз, кеңесші бола аласыз.

1-қадам. Сайттың жоғарғы оң жақ бұрышында "Тіркелу" батырмасын басыңыз.

2-қадам. Ашылған бетте тіркеу нысанының барлық жолдарын толтырыңыз ( Жұлдызшамен белгіленген жолдар * толтыру үшін міндетті). Егер сіз акциялар мен жаңалықтар туралы таратылымдарға жазылғыңыз келсе, "Мен компаниядан ұсыныстар алғым келеді" деген бағанға белгі қойыңыз.

3-қадам. "Растау" батырмасын басыңыз.

4-қадам. Сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама келеді. Ашылған бетте осы кодты енгізіңіз. Егер сіз SMS арқылы Faberlic-тің арнайы ұсыныстарын алғыңыз келсе, "Мен компаниядан ұсыныстар алғым келеді" деген бағанға белгі қойыңыз. Егер сол сәтте сізде SMS кодын енгізу мүмкіндігі болмаса, сіз ол қадамды өткізіп жібере аласыз. Бұл жағдайда тапсырысты ресімдеу барысында телефон нөмірін қайта растау ұсынылады. Телефон нөмірін растамай тапсырысты ресімдеу мүмкін болмайды.

5-қадам. Растау кодын енгізгеннен кейін " Faberlic-ке қош келдіңіз!" деген бет ашылады. "Жеке кабинетке кіру" батырмасын басыңыз. Сіз жеке кабинетке немесе тіркелу нысанына ауысқан сайт бетіне кіресіз.

6-қадам. Көрсетілген электрондық поштаға логин (тіркеу нөмірі) және жүйеге кіру үшін пароль, сондай-ақ қажет болған жағдайда тапсырысты ресімдеуге және Faberlic-пен бизнесті бастауға көмектесетін Тәлімгеріңіздің байланыс нөмірлері бар хат аласыз.

Кеңесшінің ұсынысы бойынша өздігімен тіркелу

Егер сізде таныс кеңесші болса, сіз оның құрылымына қосыла аласыз. Мұны екі жолмен жасауға болады:

1. Кеңесшіден тіркелу үшін сілтемені сұрап алыңыз (ол жеке кабинетте, "Менің құрылымым" бөлімінде көрсетілген). Браузерден осы сілтемені ашыңыз - содан сіз тіркелу нысанына түсесіз.

2. Тіркеулу бетіндегі нысанды толтырып, сізді ұсынған кенесшінің телефон нөмірін немесе тіркеу нөмірін көрсетіңіз.

1-қадам. Ашылған бетте тіркеу нысанының барлық жолдарын толтырыңыз ( Жұлдызшамен белгіленген жолдар * толтыру үшін міндетті). Егер сіз акциялар мен жаңалықтар туралы таратылымдарға жазылғыңыз келсе, "Мен компаниядан ұсыныстар алғым келеді" деген бағанға белгі қойыңыз.

2-қадам. "Растау" батырмасын басыңыз.

3-қадам. Сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама келеді. Ашылған бетте осы кодты енгізіңіз. Егер сіз SMS арқылы Faberlic-тің арнайы ұсыныстарын алғыңыз келсе, "Мен компаниядан ұсыныстар алғым келеді" деген бағанға белгі қойыңыз. Егер сол сәтте сізде SMS кодын енгізу мүмкіндігі болмаса, сіз ол қадамды өткізіп жібере аласыз. Бұл жағдайда тапсырысты ресімдеу барысында телефон нөмірін қайта растау ұсынылады. Телефон нөмірін растамай тапсырысты ресімдеу мүмкін болмайды.

4-қадам. Растау кодын енгізгеннен кейін " Faberlic-ке қош келдіңіз!" деген бет ашылады. "Жеке кабинетке кіру" батырмасын басыңыз. .

5-қадам. Бастапқы параметрлер аяқталғаннан кейін жеке кабинетіңіздің терезесі немесе тіркеу нысанына өткен сайттың басқа беті ашылады.

6-қадам. Көрсетілген электрондық поштаға логин (тіркеу нөмірі) және жүйеге кіру үшін пароль, сондай-ақ қажет болған жағдайда тапсырысты ресімдеуге және Faberlic-пен бизнесті бастауға көмектесетін Тәлімгеріңіздің байланыс нөмірлері бар хат аласыз.

Сізді кеңесші тіркейді

Кез келген кеңесші өз құрылымына адамдарды тіркей алады. Ол үшін жеке кабинетте "Менің құрылымым" бөліміне кіріп, "Тіркеу" батырмасына басу керек. Әрі қарай жаңа Сатып алушы туралы ақпаратты енгізу қажет:

  • Тегі
  • Аты
  • Туылған күні
  • Жынысы
  • Ұялы телефоны
  • E-mail
  • Пошталық хат-хабарларды жеткізу мекенжайы
  • Құпия сөз

Бұл ақпаратты енгізгеннен кейін көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS келеді. Код жүйеге алғаш рет кіру үшін қажет: телефон нөмірін растаусыз тапсырыстарды ресімдеу мүмкін емес. Сонымен қатар, жүйеге кіру үшін көрсетілген электрондық поштаға логин (тіркеу нөмірі) мен пароль жазылған хат жіберіледі.

Мы используем файлы Cookie,

Чтобы улучшить работу сайта и предоставить Вам больше возможностей для покупок. Продолжив пользоваться сайтом, Вы даёте свое согласие на применение файлов Cookie.