Online-дүкен арқылы тапсырыс жасау

online-shop

1-ҚАДАМ. Тауарды себетке салыңыз

Тышқанды қажет өнімнің категориясына бағыттаңыз - таңдалған бөлімге сәйкес төменгі жағынан келесі мәзір ашылады.

Бөлімшелерді бірінен соң бірін аша отырып, мысалы, "Косметика/Күтім/Бет күтімі/Күндізгі кремдер", сіз өнімдер көрсетілген парақшаға (витринаға) өтесіз.

Zakaz_2

Сіз сүзгіні бекітсеңіз болады: өнімнің жасқа, тері типіне және басқа да мінездемесіне сәйкес. Витринада тауардың бағасына қатысты болжалды ақпарат көрсетіледі:

  • каталогтың ескі бағасы - сызылған қара түсті баға;
  • каталогтың жаңа бағасы - сызылған бағаның астында көрсетілген қызыл түсті баға
  • бұл тауар үшін алатын ұпайларыңыз.

Тышқанды сыйлық таңбасына жақындатыңыз, сонда өнім қандай акцияға қатысатындығын біле аласыз.

Бірнеше түстері бар өнімге (мысалы, далап) тышқанды бағыттағанда бүкіл палитраны қарап шығуға болады.

Тауардың карточкасында сіз толық ақпаратты таба алсыз: сипаттамасын, жарамдылық мерзімін, құрамын, өлшемдер кестесін (киім және аяқ киім үшін), ұқсас тауарларды және компаньон тауарларды, сатып алушылардың пікірін. Мұнда сіз таңдалған өнімнің сілтемесімен әлеуметтік желілер арқылы бөлісе аласыз және өнімді себетке қоса аласыз.

Себетке салынған атауарлар сайттың оң жақ бұрышындағы "Шағын себет" таңбасына бағыттаған кезде төменде ашылатын терезеде көрінеді.

Тапсырысқа қосқыңыз келген өнімдерді таңдағаннан кейін, себетке өтіңіз. Себетте жеткізілетін орын бұрын таңдалмаған болса таңдай аласыз және акцияға қатысатын тауарларды таңдай аласыз.

Назар аударыңыз: себетке өнімдерді қосқанда немесе себеттен тауарларды жойған кезде акциялар өзгеруі мүмкін.

2-ҚАДАМ. Промоакцияларды таңдаңыз

Акцияға қатысатын тауарлардың бір бөлігін сіз тапсырысқа бірден қоса аласыз. Кейбір акциялар себеттің өзінде "Сіздің себетіңізге арналған акциялар" бөлімінде таңдалады. Олардың құрамы қолданыстағы каталогтан және сіз орындаған акциялардың шарттарына байланысты.

Акциялар көрсетілген блокты шерткенде супер бағамен ұсынылатын тауарлардың тізімі ашылады.

Қажетті акцияны тауып, "Тауарларды таңдау" батырмасын басыңыз. Өнімдердің қажетті санын енгізіп, "Қолдану" батырмасын басыңыз.

Барлық акциялар тапсырыс беру тәсілімен бірге әр каталог кезеңінің басында "Каталогтың жаңалықтары" бөлімінде жарияланып отырады.

"Сіздің себетіңізге арналған акциялар" бөлімінде сіз бизнеске арналған қосымша материалдарды (жеңілдікпен ұсынылатын каталогтар, шағын үлгілер және т.б.) таңдай аласыз.

Егер негізгі тапсырыстың сомасы жеңілдік үшін жеткіліксіз болса, кейбір акциялар көрінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тапсырысқа тағы тауарлар қосыңыз, сонда ғана "Сіздің себетіңізге арналған тауарлар" бөлімінде қажет акция пайда болады.

3-ҚАДАМ. Тапсырысты рәсімдеңіз

"Тапсырыстың қорытындысы" блогында: тапсырыстың құны каталог бағасымен, тапсырыстың құны жеңілдіктермен, тапсырыс үшін берілетін ұпай көрсетілген. Тапсырысты жалғастыру үшін "Жалғастыру" батырмасын басыңыз. Артынша тапсырыстың чегі мен соңғы бағасы көрсетілген терезе пайда болады. Мұнда сондай-ақ жіберілетін жүктің жалпы салмағы және сіздің тапсырысыңыздағы тапсырыстың саны көрсетіледі. Осы қадамда жеткізілім нұсқаларының бірін таңдауға болады:

  • Барлық тапсырысты біржола алып кету (барлық тауарлар қоймада пайда болған кезде).
  • Екі бөлікке бөлу (бірінші сіз қоймада бар тауарларды алып кетесіз, ал қалғандарын - бәрі толық қоймаға түскен кезде).
  • Келіп түскеніне байланысты (біз тауарларды келіп түскен күніне қарай біріктіріп, тапсырысты бірнеше бөлікке бөлеміз).

Осы жерден сіз қажет болған жағдайда "Артқа" батырмасы арқылы себетке кері орала аласыз.

Тапсырысты аяқтау үшін "Тапсырыс беру" батырмасын басыңыз. Тапсырыстың өткендігін растайтын терезе пайда болады.

Назар аударыңыз: "Тапсырыс беру" батырмасы басылған соң тапсырысты растаудан бас тартуға болмайды, сіз оны тек жоя аласыз..

Тапсырысты төлеу үшін "Төлеуге ауысу" батырмасын басыңыз.

Сілтемемен бөлісу