Меншікті өндіріс

production

Faberlic компаниясына тиесілі Мәскеудегі фабрика — бұл 45 мың шаршы метрден астам жерді және соңғы жаңа техникамен жабдықталған кәсіпорын.

Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес қаланған Faberlic өндірісі ең заманауи және экологиялық тұрғыдан ең сапалы жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар ондағы косметикалық өнімдерді өндіру, бөлшектеу және қаптау жүйелері автоматтандырылған.

Автоматтандырылған өндірістік процесс жоғары технология жемісін - вакуумдық гомогендеуіштерті пайдалана отырып сапалы өнімді жасап шығаруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен субмикрондық өлшемдегі (0,1-0,5 мкм) бөлшектер қосылған өте ұсақ кремдік эмульсияны жасап шығаруға болады.

Фабриканың келешектегі мүмкіндіктері мен көлемін ескеретін болсақ, ол Ресейдегі ең алып косметикалық кәсіпорындардың қатарына кіреді.

Фабриканың барлық өнімі міндетті түрде ГОСТқа және СанПиН сәйкес тексеруден өтеді. Мемлекеттік тізіліміге экологиялық тұрғыдан таза және қауіпіз өнім шығаратын өнеркәсіп ретінде енгізілген.

2010 жылы Компания ISO 22716 Cosmetics – Good Manufacturing Practices (GMP) стандартына сай косметикалық өнім шығаратындығы туралы сертификат алған еді. Бұл 2007 жылдың қарашасында косметикалық өнімдер шығаратын компаниялар үшін жасап шығарылған «Косметикалық өнімдер. GMP тиісті өндіріс практикасы» атты халықаралық стандарт.GMP ережелерін сақтау арқылы өндіріс процессін стандарттау және жоғары сапалы өнім өндіру мүмкіндігі артады, сонымен қатар бұл сертификат халықаралық нарыққа жол ашады.

Faberlic Еуропадағы жетекші фабрикалармен, әсіресе сәндік косметика мен иновациялық өнімдерді ұсынатын ең ірі итальяндық өндірушілермен жұмыс жасайды. Парфюмерлік композициялар Францияда Том Фонтэн, Бертран Дюшофур, Дельфин Лебо, Антуан Ли және т.б. сияқты танымал парфюмерлердің жетекшілігімен жасалады.

pr-2pr-4 pr-3

pr-1

Мы используем файлы Cookie,

Чтобы улучшить работу сайта и предоставить Вам больше возможностей для покупок. Продолжив пользоваться сайтом, Вы даёте свое согласие на применение файлов Cookie.