ONLINE

Әйелдерге арналған Aromania Lychee иіссуы

Қайтару мүмкін
Артикулы: 3044
Сериясы: Aromania
Бар
Сіздің бағаңыз:
449 руб.
Ескі бағасы
600 руб.

Сипаттамасы

Құрамы

Мінездеме

Қалай қолдану керек

Сертификаттар

Моно хош иісі – бір ингредиентке негізделген парфюм. Әдетте бұл жеке хош иіс, алайда жаңа сән үлгілерін ұстана отырып, Faberlic танымал парфюмер Эвелин Буланжемен бірлесе отырып дуэтте де немесе триода да үйлесім таба білетін «конструкторды» жасап шығарды.

Бүгін сізді қандай хош иіс қоршайтыны тек сіздің көңіл-күйіңізге байланысты. Aromania топтамасы сіздің көңіліңізден шығатын бір хош иісті немесе екі не үш хош иісті бірден қолдануға мүмкіндік береді.

Aromania Lychee иіссуы –тропиктің сарыны бар жемістің нәзік хош иісі. Композицияны қышқыл-тәтті үнімен толықтырады.

Личи + ақ шай = жемістің нәзік тәтті дәмі бар мөлдір мика.
Личи + амбра + аква = жарқын личи мен балғын аква ноталары бар сезімге толы амбраның хош иісі.
Личи + ваниль = тәтті ваниль мен нәзік тропикалық жылы хош иіс.

Қаптамасы: пульверизаторы бар құтыда шығарылады, көлемі 30 мл.
Жарамдылық мерзімі:өндірілген күннен бастап 5 жыл.
Сәйкестік туралы декларация

Құрамы: Alcohol denat., Aqua, Parfum, Hexyl Cinnamal, Geraniol, Citronellol, Limonene, Linalool, Citral, CI , 14720, CI 15985.

Көлемі: 30 мл.

Өндіруші мемлекет: Ресей

Серия:  Aromania

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

1. Сүйікті хош иісіңізді таңдап, оны жеке парфюм ретінде қолданыңыз. ,
2. Aromania топтамасының ,бірнеше хош иісін бір-біріне «қабаттап» жағыңыз , (бірінен соң бірін бір жерге себіңіз).

Хош иісті қалай дұрыс жағу керек?

Хош иіс қан бүлкілдеп өтетін жерде жақсырақ шығады:

• білек буыны (біз тамыр соғуын өлшейтін жер),
• шынтақ буыны (ішкі жағы),
• құлақтың артында,
• кеудедегі кішкентай ойылым.

Хош иісті шаш жақсы ұстайды, сондықтан да мойын мен желкеге аздап «бүркуге» болады.
Егер соңыңыздан әдемі хош иісті із қалғанын қалайтын болсаңыз, хош иісті тізенің астына және көйлек етігінің тыс жағынан жағуға болады.

Соңында біз хош иісті жоғары бүркіп, осы «бұлттың» ортасына кіруге ұсыныс береміз.

Хош иісті қалай таңдау керек?

1-ереже. Бірден бірнеше хош иісті байқауға болмайды. 3-4 хош иіспен танысыңыз, сол кезде оларды шатыстырмай, иісі есіңізде қалады.

2 -ереже. Хош иісті құтыдан қалпақшаға бүркімеңіз. Хош иісті тікелей құтыдан немесе сынамалы үлгіден иіскемеуге тырысыңыз. Оны блоттерге немесе таза бет орамалға жағыңыз. Осылайша ұнаған хош иісті таңдай отырып, оның сіздің теріңізде қалай «өмір сүретіндігін» түсіну үшін оны міндетті түрде теріге жағыңыз. Сіздің және сіздің құрбыңыздың терісінде бірдей хош иіс мүлде әртүрлі шығуы мүмкін.

3-ереже. Хош иісті өзіңіздің алғашқы әсеріңіз бойынша сатып алмаңыз. Онымен бірге біраз серуендеңіз, ең жеңіл, ұшпа, жоғарғы ноталарын жел қағып кеткеннен кейін, Сізбен бірге күні бойы жүретін хош иістің жүрегіндегі ноталарды күтіңіз (15-30 мин. кейін), тек содан кейін ғана өз таңдауыңызды жасаңыз.

4-ереже. Ауа-райы, климаттық және жағдаяттық факторларды ескеріңіз. Ылғал жылы ауада, суық және құрғақ ауамен салыстырғанда, хош иістердің қарқынды жайылатындығын естен шығармаңыз. Жеңілдірек хош иістер әмбебап келеді, ал ашық және қанық композициялар кеңседе немесе жағажайда орынды болады. Оның есесіне романтикалық кездесуде олар өзіне көңіл аударатын болады.

5-ереже. Хош иісті таңдау процесін рахатқа айналдырыңыз. Жақсы көңіл-күй – хош иісті таңдау сияқты күрделі істегі ең жақсы кеңесші.

Сіздің бағаңыз:
449 руб.
Ескі бағасы
600 руб.
Бұл өніммен бірге сатып алынатын өнімдер
Немен үйлестіруге болады

Ұсыныстар мен пікірлер

 : 27
Пікір қалдыру үшін кіру немесе тіркелу қажет
ОЯ
Ольга Я.
715937828 | 26.11.2020
Баға
Я без ума от этих ароматов, пользуюсь я, мама, дочки. У нас всех разные ароматы, и что хочу сказать, все они обалденны, советую. Пахнет достаточно долго за такую цену, часа 2 как минимум.
Jalə Ə.
713097117 | 26.08.2020
Баға
Брала для дочки - очень понравился и ей, и мне - аромат сладкий. Разумеется что это не шикарные духи, но очень приятный аромат. Понравился настолько, что думаю на будущее купить все ароматы этой серии и составлять разные композиции, тем более что они предлагаются по выгодным скидкам.
МВ
Марина В.
718271841 | 18.06.2020
Баға
Получила по стартовой программе, не ожидала такого стойкого запаха. Мне напоминает сирень. Я просто в восторге!
EL
Elena L.
713868703 | 09.04.2020
Баға
Прекрасный аромат с кислинкой, ну очень нравится, весенний такой!
АТ
Алена Т.
715362015 | 10.12.2019
Баға
Пудровый и легкий! Понравился.
АЛ
Августа Л.
714137641 | 10.08.2019
Аромат отличный, советую.
ВА
Валентина А.
714390659 | 25.07.2019
Очень понравился, советую, даже тем, кому нравятся свежие запахи, этот понравился и хотят его купить.
АЯ
Арина Я.
714400886 | 02.07.2019
Хороший аромат, не очень стойкий, правда, на маме пахнет сладким, на мне пудровый с кислинкой, для лета идеальный, лёгкий, не душит.
ТК
Татьяна К.
704984234 | 28.06.2019
Отличный аромат, советую!
ЕВ
Елена В.
711422824 | 02.06.2019
Понравился аромат - приятный, такой летний.