Romantic Collection шағын үлгілер жинағы

Қайтару мүмкін
Артикулы: 3060
Бұл өнім жоқ
Сіздің бағаңыз:
499 руб.
Ескі бағасы
650 руб.
Түсуін күтудеміз

Сипаттамасы

Құрамы

Күтімі

Мінездеме

Қалай қолдану керек

Сертификаттар

Romantic Collection шағын үлгілер жинағы – қораптағы жауһарларды сыйлық ретінде ұсыну тамаша шешім.

Гүлді опалы жұмсақ Beauty Cafe хош иісі кафенің атмосферасына үңілуге шақырады, әңгіме үстінде тәттілерден дәм татып, ләззат алуға шақырады. Кербез әрі нәзік хош иіс басқалардың назарын сізге тартып, соңыңыздар қызыға қарауға мүмкіндік туғызады …

Хош иістің бағыты: гүлді-опалы.

Жоғарғы ноталары: мандарин, раушанның қауызы, личи, липа түсі, апельсин, алма.
Жүрек ноталары: раушан, ақ гүл, шегіргүл тамыры, иланг-иланг, фрезия, қалампыр, пион.
Шлейфі: тонка бұршағы, ақ жұпар су, ирис, амбра, емен мүгі.

Renata Secret хош иісі

Көк інжірдің, шырынды бергамоттың және лалагүлдің кербез хош иісі нағыз әйелге тән образды сомдап, алтын мабраның және тұманды ветивердің жұпарымен баурап алады. Сенің тартымды образыңның және қайталанбас стиліңнің құпиясы Renata Secret таң қалдыратын эликсирінің әр тамшысында!

Хош иістің бағыты: гүлді-жасыл.

Үстіңгі ноталары:бергамот, цитрон, қара бұрыш.
Жүрек ноталары: көк інжір, лалагүл, фрезия.
Базалық ноталары: ветивер, алтын амбра, жұпар су.

Uviolet хош иісі ішкі сезіміне сенетін, келешекке батыл көзқараспен қарайтын, арманға ілесетін және өзгелерден ерекше болудан қорықпайтын сезімтал, нәзік әрі батыл аруға арналған жұпар су.

Хош иістің бағыты: гүлді-жемісті.

Үстіңгі ноталары: қызғылт грейпфрут, жасыл жапырақтар.
Жүрек ноталары: орхидея, опа түсті магнолия, крокус, лизиантус, бүлдірген.
Базалық ноталары: амбра, ваниль, ақ тал.

Салмағы: 18.1 гр.

Өндіруші мемлекет: Ресей

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

Хош иісті қалай дұрыс себу керек?

Хош иіс қан бүлкілдеп өтетін жерде жақсырақ шығады :

  • білек буыны (біз тамыр соғуын өлшейтін жер),
  • шынтақ буыны (ішкі жағы),
  • құлақтың артында,
  • кеудедегі кішкентай ойылым.

Хош иісті шаш жақсы ұстайды, сондықтан да мойын мен желкеге аздап «бүркуге» болады.

Егер соңыңыздан әдемі хош иісті із қалғанын қалайтын болсаңыз, хош иісті тізенің астына және көйлек етігінің тыс жағынан жағуға болады.

Соңында біз хош иісті жоғары бүркіп, осы «бұлттың» ортасына кіруге ұсыныс береміз..

Хош иісті қалай таңдау керек?

1-ереже. Бірден бірнеше хош иісті байқауға болмайды. 3-4 хош иіспен танысыңыз , сол кезде оларды шатыстырмай, иісі есіңізде қалады.

2-ереже. Хош иісті құтыдан қалпақшаға бүркімеңіз. Хош иісті тікелей құтыдан немесе сынамалы үлгіден иіскемеуге тырысыңыз. Оны блоттерге немесе таза бет орамалға жағыңыз. Осылайша ұнаған хош иісті таңдай отырып, оның сіздің теріңізде қалай «өмір сүретіндігін» түсіну үшін оны міндетті түрде теріге жағыңыз. Сіздің және сіздің құрбыңыздың терісінде бірдей хош иіс мүлде әртүрлі шығуы мүмкін.

3-ереже. Хош иісті өзіңіздің алғашқы әсеріңіз бойынша сатып алмаңыз. Онымен бірге біраз серуендеңіз, ең жеңіл, ұшпа, жоғарғы ноталарын жел қағып кеткеннен кейін, Сізбен бірге күні бойы жүретін хош иістің жүрегіндегі ноталарды күтіңіз (15-30 мин. кейін), тек содан кейін ғана өз таңдауыңызды жасаңыз.

4-ереже. Ауа-райы, климаттық және жағдаяттық факторларды ескеріңіз. Ылғал жылы ауада, суық және құрғақ ауамен салыстырғанда, хош иістердің қарқынды жайылатындығын естен шығармаңыз. Жеңілдірек хош иістер әмбебап келеді, ал ашық және қанық композициялар кеңседе немесе жағажайда орынды болады.

5-ереже. Хош иісті таңдау процесін рахатқа айналдырыңыз. Жақсы көңіл-күй – хош иісті таңдау сияқты күрделі істегі ең жақсы кеңесші.

Сіздің бағаңыз:
499 руб.
Ескі бағасы
650 руб.

Ұсыныстар мен пікірлер

 : 2
Пікір қалдыру үшін кіру немесе тіркелу қажет
НК
Наталья К.
715784789 | 17.12.2019
Баға
Красивое оформление коробочки, и в коробочке все очень даже замечательного запаха!!! Покупала в подарок, но без всяких оставлю себе. 3 разных аромата на все случаи!!! Не знаю как кому, а мне очень нравятся все 3!!!
КЦ
Константин Ц.
330339651 | 21.11.2019
Баға
Моим женщинам понравилось!