Magic Collection шағын үлгілер жинағы

Қайтару мүмкін
Артикулы: 3065
Бұл өнім жоқ
Сіздің бағаңыз:
499 руб.
Ескі бағасы
650 руб.
Түсуін күтудеміз

Сипаттамасы

Құрамы

Күтімі

Мінездеме

Қалай қолдану керек

Сертификаттар

Magic Collection шағын үлгілер жинағы – қораптағы жауһарларды сыйлық ретінде ұсыну тамаша шешім!

Beauty Cafe Caprice хош иісі

Еліктіретін хош иіс құпиялы және жарқын кездесулерді романтикалық оқиғаларына жетелейді. Гардения мен ақгүлдің ноталары, шабдалы шәрбаты мен дала жидектерінің акциенттері жігіттердің басын айналдырады. Сандал, ваниль және амбраның шлейфі ешкімді бейжай қалдырмасы анық.

Хош иістің бағыты: талғампаз, жемісті-гүлді.

Жоғарғы ноталары: мандарин, шабдалы шәрбаты, дала жидектері.
Жүрек ноталары: гардения, ақгүл.
Шлейфі: сандал, ваниль, амбра, жұпар су.

Renata хош иісі кино жұлдыздың ерекше образын, оның стилі мен сұлулығын гарденияның, орхидеяның және раушанның қалың ноталарымен жеткізеді. Ол терең сырға, нәзіктікке, тартымды энергетикаға толы. Хош иіс ванильдің, қарақаттың, кашемир ағашы мен пачулидің жұпарымен қаныққан. Тартымды композиция әр әйелдің бойындағы ханшайымды оятады.

Хош иістің бағыты: гүлді-жемісті, ізінде ағаштың жұпары бар.

Жоғарғы ноталары: мандарин, бергамот, қызыл алма, лчич.
Жүрек ноталары: раушан, орхидея, қарақат шәрбаты, Rouge Groseille de Laire.
Шлейфі: жұпарсу, амбра, кашемир ағашы, ваниль, пачули.

Тартымды Desirable хош иісі раушан, шегіргүл және орхидея гүлдерінің сезімталдылығына толы. Кофенің тартымды ноталары мен сандалдың тәттілігі жүректерді билеп, еліктіреді.

Хош иістің бағыты: талғампаздық бағыттағы гүлді хош иіс.

Жоғарғы ноталары: зімбір, мандарин және алмұрт.
Жүрек ноталары: раушан, ақгүл, гелиотроп, шегіргүл, орхидея.
Шлейфі: сандал, ваниль, пралине, капучино, жұпар су.

Салмағы: 18.1 гр.

Өндіруші мемлекет: Ресей

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

Хош иісті қалай дұрыс себу керек?

Хош иіс қан бүлкілдеп өтетін жерде жақсырақ шығады :

  • білек буыны (біз тамыр соғуын өлшейтін жер),
  • шынтақ буыны (ішкі жағы),
  • құлақтың артында,
  • кеудедегі кішкентай ойылым.

Хош иісті шаш жақсы ұстайды, сондықтан да мойын мен желкеге аздап «бүркуге» болады.

Егер соңыңыздан әдемі хош иісті із қалғанын қалайтын болсаңыз, хош иісті тізенің астына және көйлек етігінің тыс жағынан жағуға болады.

Соңында біз хош иісті жоғары бүркіп, осы «бұлттың» ортасына кіруге ұсыныс береміз..

Хош иісті қалай таңдау керек?

1-ереже. Бірден бірнеше хош иісті байқауға болмайды. 3-4 хош иіспен танысыңыз , сол кезде оларды шатыстырмай, иісі есіңізде қалады.

2-ереже. Хош иісті құтыдан қалпақшаға бүркімеңіз. Хош иісті тікелей құтыдан немесе сынамалы үлгіден иіскемеуге тырысыңыз. Оны блоттерге немесе таза бет орамалға жағыңыз. Осылайша ұнаған хош иісті таңдай отырып, оның сіздің теріңізде қалай «өмір сүретіндігін» түсіну үшін оны міндетті түрде теріге жағыңыз. Сіздің және сіздің құрбыңыздың терісінде бірдей хош иіс мүлде әртүрлі шығуы мүмкін.

3-ереже. Хош иісті өзіңіздің алғашқы әсеріңіз бойынша сатып алмаңыз. Онымен бірге біраз серуендеңіз, ең жеңіл, ұшпа, жоғарғы ноталарын жел қағып кеткеннен кейін, Сізбен бірге күні бойы жүретін хош иістің жүрегіндегі ноталарды күтіңіз (15-30 мин. кейін), тек содан кейін ғана өз таңдауыңызды жасаңыз.

4-ереже. Ауа-райы, климаттық және жағдаяттық факторларды ескеріңіз. Ылғал жылы ауада, суық және құрғақ ауамен салыстырғанда, хош иістердің қарқынды жайылатындығын естен шығармаңыз. Жеңілдірек хош иістер әмбебап келеді, ал ашық және қанық композициялар кеңседе немесе жағажайда орынды болады.

5-ереже. Хош иісті таңдау процесін рахатқа айналдырыңыз. Жақсы көңіл-күй – хош иісті таңдау сияқты күрделі істегі ең жақсы кеңесші.

Сіздің бағаңыз:
499 руб.
Ескі бағасы
650 руб.

Ұсыныстар мен пікірлер

 : 2
Пікір қалдыру үшін кіру немесе тіркелу қажет
ФМ
Фирагиз М.
715776440 | 25.01.2020
Баға
Божественный аромат "Renata secret".
НЗ
Наталья З.
705613280 | 05.01.2020
Баға
Замечательный набор, здесь можно попробовать новый парфюм "Desirable" в мини-формате.