Home Gnome Greenly ақ және түрлі-түсті маталарға арналған құнарландырылған кір жуатын био ұнтақ (11892)

Қайтару мүмкін
Артикулы: 11983
Бар
Сіздің бағаңыз:
70 руб.

Сипаттамасы

Құрамы

Мінездеме

Қалай қолдану керек

Түрлі-түсті маталарға арналған Home Gnome Greenly құнарландырылған кір жуатын био ұнтағы арнайы кермек суда тиімді кір жуу үшін өндірілген.

Түсті қорғайтын жүйе сіздің сүйікті киімдеріңіздің түсі мен бояуларының қанықтығын сақтап, кір жуу барысында түстердің өзгеруіне жол бермейді.

Кір жуатын ұнтақтың ерекше биоминералды формуласы кермек суда да тиімді кір жуу үшін жасалған.

Минералдар кешені мен CEO Lite технологиясы кез келген температурада, кермек суда кірдің сапалы жуылып шығуына жағдай тудырады.

Суды қарқынды түрде жұмсартатын жүйе күрделі дақтарды кетіруге мүмкіндік береді, cондай-ақ арнайы құралдарды пайдаланбай-ақ маталарға жұмсақтық сыйлайды. Био ұнтақ кір жуатын машинаңызды қақтың пайда болуынан қорғайды, кермек суды пайдаланатын аймақтарға ұсынылады.

Биоэнзимдер мульти кешені кең тараған дақтардың барлық түрін кетіреді және тағамның іздерінен қалған күрделі дақтардың және ересектер мен балалардың киіміндегі физиологиялық дақтарды оңай кетіреді.

Мінсіз тазалық пен қанық түстер!icon ALL3

  • Күрделі дақтарды кермек суда да тиімді кетіреді.
  • БИОМИНЕРАЛДЫ формула.
  • Мата талшықтарын жұмсартады және қалпына келтіреді.
  • Түсті сақтаудың ерекше жүйесі бар.
  • Мата түсінің және суреттерінің қанықтығын сақтайды.
  • Өңуден сақтайды.
  • Кір жуатын машинаны қақтан қорғайды. icon 2
  • Бүкіл отбасының киімдерін жууға жарамды.
  • Демікпе және аллергияға бейім адамдардың киімін жууға ұсынылады.
  • Дермотологиялық тұрғыдан рұқсат етілген**.
  • Қаптаманың ішінде эко қасығы бар.
  • Өте үнемді - 1 кір жууға 30 г өнім кетеді.

icon 1 копия_copy

Өнім Патшалық сапа стандарттарына сәйкес келеді! Кір жуатын ұнтақ өндіруші, Senzora bv компаниясы Нидерланды Корольдық сарайының ресми предикатына ие. Компанияның беделі мен біліктілігі мойындалған.

*Арнайы денсаулық үшін жасалған өнім . Демікпе және аллергия – бүкіл әлем бойынша адамдардың жиі ауыратын ауруы. Еурлпкалық Asthma Allergy Nordic қауымдастығының белгісі өнімнің рецептурасы және ұнтақтың әр компоненті қатаң сарапшылар комиссиясынан өткендігін растайды.

**Ұнтақтың дерматологиялық қауіпсіздігі тексерілген және халықаралық Dermatest GmbH (Германия) ғылыми-зерттеу институтының сертификатымен расталған.

Жарамдылық мерзімі: өндірілген күннен бастап 36 ай.

15-30%: натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты, 5-15% цеолиттер, бензосульфон қышқылы туындылары, 5% -дан кемі: майлы этоксилденген спирттер, поликарбоксилаттар, целлюлоза негізіндегі антиресорбент, мультикомплекс ферменттері (протеаз, амилаза, маннаназа, пектат-лиаза), бояу берудің ингибиторы, эфир қышқылы тұзы, полиэфир.

Салмағы: 40 гр.

Өндіруші мемлекет: Нидерланд

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

Киімнің затбелгісінде көрсетілген нұсқаулықты қадағалаңыз.

  • Киімді жуар алдында түсіне, матасының түріне және кірлеуіне қарай бөліңіз.
  • Жаңа киімдерді бірінші рет бөлек жуыңыз.
  • Ақ және ашық түсті киімдерді қара және түрлі-түсті киімдерден бөлек жуыңыз.
  • Жүн мен жібекті жууға пайдалануға болмайды.
  • Түрлі-түсті киімдердің түсін сақтап қалу үшін төменгі температураларда жуыңыз.
  • Кір жуатын машинаның барабанына салмақ түсірмеңіз.

Мөлшерлегіш қасық қаптаманың ішінде. Пайдаланар алдында екі бүйірінен қысып ашыңыз.

Мөлшері

Шамалы кірленгенде

Орташа кірленгенде

Қатты кірленгенде

Машинамен кір жуғанда

4,5 кг/kg

30 г/g

40 г/g

60 г/g

Қолмен кір жуғанда

(на 10 л воды/10 lofwater)

20г/g

30г/g

40г/g

Сақтық шаралары

Мақсатына сай пайдаланыңыз

Абай болыңыз! Көзге түскен жағдайда тітіркендіруі мүмкін. Балаладың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз! Пайдаланып болған соң қолды мұқият жуыңыз.

Көзге түскен жағдайда: бірнеше минут бойы көзді сумен жуыңыз. Көзде линза бар болған жағдайда және линза оңай алынатын жағдайда алып тастаңыз. Көзді жууды жалғастырыңыз. Егер тітіркенуі басылмаса медициналық көмекке жүгініңіз.

Жұтып қойған жағдайда: өзіңізді нашар сезінген жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, өзіңізбен бірге қаптаманы (этикетканы) алғаныңыз жөн.

Сақтау шарттары:

Салқын әрі құрғақ жерде, күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтау керек. Тағамдық өнімдермен және тұтанатын заттармен бірге сақтауға болмайды.

Сіздің бағаңыз:
70 руб.

Ұсыныстар мен пікірлер

 : 1
Пікір қалдыру үшін кіру немесе тіркелу қажет
ВБ
Вера Б.
2360405 | 29.10.2020
Баға
Отличный порошок.