ONLINE

Gnome Greenly құнарландырылған әмбебап дақ кетіретін био құрал (11984)

Қайтару мүмкін
Артикулы: 11985
Бар
Сіздің бағаңыз:
70 руб.

Сипаттамасы

Құрамы

Мінездеме

Қалай қолдану керек

Құнарландырылған әмбебап Home Gnome Greenly дақ кетіретін био құралы арнайы кермек суда тиімді кір жуу үшін өндірілген.

Дақ кетіретін құралдың ерекше био минералды формуласы күрделі, ескірген дақтар мен жағымсыз иістерді кез келген кермекті суда оңай кетіру үшін жасап шығарылған.

Оттегі негізіндегі ағартқыш құрал түрлі бояғыштары бар дақтарға: шайдың, кофенің, шараптың, жеміс шырындарының, сияның, бояудың іздеріне қарсы және сарғаю мен сұрлануға қарсы жұмыс істейді. Жағымсыз итістерге қарсы тиімді әсер етеді.

Биоэнзимдер мультикешені қиын кететін тағамдық өнімдердің дақтарын кетіреді: кетчуптың, майонездің және басқа да соустардың, ботқалардың, жұмыртқаның, қанның, балмұздақтың, сүт және ет өнімдерінің, майдың; ақуызды және аралас дақтардың - физиологиялық, қанның, тердің, шөптің, косметиканың, аяқ киімі кремінің іздерін кетіреді.

Құрал маталардың талшықтарына ұқыпты әсер етеді , және ақ түсті киімдерді, төсек жабдықтарын, ересектердің және балалардың киімдерін жууға ұсынылады. Кір жууға күшейткіш ретінде, суға жібіту үшін және дақтарды алдын ала өңдеу үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, кілем және жұмсақ жиһаздың құндағын тазалауға жарамды.

Судың кез келген кермектігіне жарамды!

Мінсіз тазалық пен қанық түстер!icon ALL3

  • Кір жууды күшейтеді.
  • Ақ және түрлі-түсті киімдер үшін.
  • Қиын кететін дақтар мен жағымсыз иістерді кермек суда да кетіре алады.
  • БИОМИНЕРАЛДЫ формула.
  • Түстерді жаңартады.
  • Құрамында қарқынды әсер ететін оттегі бар, ол бактерияларды кетіретін компонент ( 60 °С-дан жоғары температурада тиімді).
  • Суға жібітуге және киімді жумас бұрын өңдеуге жарамды.
  • Кілем, құндақтарды, еден жуатын құралдың саптамасын тазартуда тиімді.
icon 1 копия_copy

Өнім Патшалық сапа стандарттарына сәйкес келеді! Кір жуатын ұнтақ өндіруші, Senzora bv компаниясы Нидерланды Корольдық сарайының ресми предикатына ие. Компанияның беделі мен біліктілігі мойындалған.

Жарамдылық мерзімі: өндірілген күннен бастап 36 ай.

30% -дан астамы натрий карбонаты, 15-30%: оттегі негізіндегі ағартқыш, 5-15%: натрий бикарбонаты, 5% -дан кемі: цеолиттер, ағартқыш активатор, НПАВ, целлюлоза негізіндегі антиресорбент, протеаза, липаза, амилаза, маннаназа.

Салмағы: 40 гр.

Өндіруші мемлекет: Нидерланд

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

Кір жууды күшейту.

Дақ кетіретін құралды кір жуатын ұнтаққа немесе гельге қосып, кір жуатын машинаға бірге салыңыз:

  • Әмбебап немесе ақ түсті маталарға арналған кір жуатын ұнтақпен - 20 г (1/2 мөлшерлегіш қасық);
  • түрлі-түсті киімдерге арналған кір жуатын ұнтақпен - 40 г (1 мөлшерлегіш қасық);
  • Ескірген және қатып қалған дақтарға мөлшерін 20 г көбейтіңіз (1/2 мөлшерлегіш қасық)

Дақтарды кетіру және суға жібіту

Дақ кетіретін құралдың 40 г (1 мөлшерлегіш қасық) 2 л суға ерітіңіз ( судың температурасы 60°С төмен болмауы тиіс). Суға жібіту үшін:

  • түрлі-түсті киімдерді ашық түстерден бөлек жуыңыз - 1 сағаттан артық емес;
  • ақ және ашық түсті киімдерді - 6 сағатқа дейін.

Кілем және құндақтарды тазарту үшін

Дақ кетіретін құралдың 10 г (1/4 мөлшерлегіш қасық) 200 мл ыстық суға қосыңыз, ертіндіні кірленген жерге жағып, 15-30 минутқа қалдырыңыз. Сулы шүберекпен тазалап сүртіңіз.

Саптамаларды тазарту үшін

Дақ кетіретін құралдың 40 г (1 мөлшерлегіш қасық) 2 л ыстық суға қосып, 1 сағатқа немесе түнге қалдырыңыз.

  • Құрамында хлоры бар ағартқыш құралдармен бірге араластыруға болмайды.
  • Жүнге және жібекке, былғары мен күдеріге пайдалануға болмайды.

Пайдаланар алдында міндетті түрде түстің тұрақтығын тексеріңіз: ерітіндіні киімнің байқалмайтын бөлігіне жағып, кептіріңіз.

Сақтық шаралары және сақтау шарттары

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Мақсатына сай пайдаланыңыз. Терінің жоғары сезмталдылығында немесе тері зақымданған жағдайда резеңке қолғап кию қажет.

Абай болыңыз! Көзге түскен жағдайда тітіркендіруі мүмкін. Балаладың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз! Пайдаланып болған соң қолды мұқият жуыңыз.

Көзге түскен жағдайда: бірнеше минут бойы көзді сумен жуыңыз. Көзде линза бар болған жағдайда және линза оңай алынатын жағдайда алып тастаңыз. Көзді жууды жалғастырыңыз. Егер тітіркенуі басылмаса медициналық көмекке жүгініңіз.

Жұтып қойған жағдайда: өзіңізді нашар сезінген жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, өзіңізбен бірге қаптаманы (этикетканы) алғаныңыз жөн.

Тығыз жабылған құтыда, салқын әрі құрғақ жерде, күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтау керек. + 5 С -ден + 30 С дейінгі температурада сақтаңыз. Тағамдық өнімдермен және тұтанатын заттармен бірге сақтауға болмайды

Сіздің бағаңыз:
70 руб.

Ұсыныстар мен пікірлер

 : 2
Пікір қалдыру үшін кіру немесе тіркелу қажет
ЕР
Екатерина Р.
721696883 | 06.01.2021
Баға
Лучше, чем у модных тряпочных производителей. Состав один к одному. Принцип тот же, а цена дешевле. Буду брать в большом объеме. Вот бы его в спрее выпустили.
НК
Наталья К.
712660079 | 11.12.2020
Баға
Были двухдневные пятна крови на светло-серой ткани зимней куртки. Стирка с использованием геля в капсулах другого производителя дала только удаление цвета, а тёмные пятна остались. Вспомнила, что в закромах есть пробник пятновыводителя. Использовала, чётко соблюдая пропорции воды (вымеряла два литра мерным стаканом) и пятновыводителя, указанные в инструкции для замачивания. Через час замачивания куртка выглядела как новая, пятна полностью вывелись.