FABERLIC HOME "Цитрустар күші" плиталар мен духовкаларды тазартуға арналған құралдың шағын үлгісі (30119)

Артикулы: 30139
Бар
Сіздің бағаңыз:
60 руб.

Сипаттамасы

Құрамы

Мінездеме

Қалай қолдану керек

МАЙ МЕН КҮЙЕГЕ ҚАРСЫ ЭКСТРА-КҮШ

Белсенді формула металл*, эмальданған, керамикалық және шыныкерамикалық беттерден тіпті ескі қақты, қою және кеуіп қалған май іздерін жеңіл жояды.

Нәзік беттерді сырмайды және зақымдамайды.
Металл мен керамикадан жасалған барлық плиталар, духовкалар, грильдер, барбекю, ас үй сорғыштары, индукциялық пісіру беттері, табалар мен торлар, газды оттықтар үшін ұсынылады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:

  • ЭКО+ жаңартылған күшейтілген формуласы қою, кеуіп қалған май мен күйені жеңіл жояды.
  • Артық күш салусыз кепілдендірілген нәтиже.
  • Құрамында абразив жоқ - сызатсыз тазартады.
  • Толықтай шайылады.
  • Плита мен металл сорғыштардың кез келген түрі үшін.
  • Ас үй раковиналарындағы қоқыстарды жою үшін жарамды.
  • Экологиялық таза құрам - биологиялық ыдырайтын компоненттер.
  • Жеңіл сергітетін хош иіс береді.

Қоқыстарды жедел жою үшін ұсынылуы мүмкін.

Піскен апельсиннің жағымды цитрустық хош иісі.

Экологиялық таза құрам:

Өткір сода (сілтілік агент) қою, кеуіп қалған майлы ластанулар мен қақтарды жылдам ыдыратады, олардың беттерден жеңіл жойылуын қамтамасыз етеді.

Биологиялық ыдырайтын ПАВ кешеніөсімдік компоненттері негізінде беттерді тиімді жібітеді, майлы ластанулар мен күйелерді ыдыратады.

Биологиялық ыдырайтын кешен түзуші (метилглицинди сірке қышқылының натрий тұзы) – фосфаттарды "жасыл" алмастыру, қаттылық тұздарын тиімді байланыстырады, тазартқыш компоненттердің белсенділігін ұстайды.

Хош иісті заттардың композициясы (хош иістендіргіш) апельсиннің жағымды хош иісін береді.

* Тефлонды және күюге қарсы жабындарды, алюминий және оның қорытпалары, никель, мырыш және басқа да түрлі-түсті металлдардан жасалған беттер үшін, боялған немесе хромдалған беттер үшін, каталитикалық панельдер мен сілтігі сезімтал басқа да материалдар үшін қолдануға болмайды.

Жарамдылық мерзімі:өндірілген күннен бастап 24 ай.

30% артық су, 5-15%: өткір сода, кокос майының майлы спирттерінің алкилэтоксисульфатының натрийлі тұзы, 5%-дан аз: крахмал мен өсімдік майлары негізіндегі НПАВ, мелитглициндиуксусты қышқылдың натрийлі тұзы, хош иістендіргіш, лимонен.

Көлемі: 50 мл.

Өндіруші мемлекет: Ресей

«Фаберлик» ААҚ тапсырысы бойынша өндірілді, Ресей, Мәскеу, Никопольская көш., 4

Майды, кірді немесе күйені кетіру үшін құралдың аздаған мөлшерін сулы жуғышқа жағып, онымен тазартатын бетті сүртіңіз, 3-5 минутқа қалдырыңыз да, сосын сумен шайыңыз. Қатты ластанған кезде құралды тікелей ластанған бетке жағыңыз, ластану деңгейі мен ауданына қарай 10-30 минут күтіңіз, сосын сумен мұқият шайыңыз. Қажет болса процедураны қайталаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрамында сілті бар. Балалардан қорғаңыз!
Қолды қорғау үшін тек рәзіңке қолғаппен пайдаланыңыз.

Сақтық шаралары:

Тек мақсатына сай пайдаланыңыз!
Басқа тазартқыш құралдармен бірге қолдануға болмайды. Тығыз жабылған өндірушінің қаптамасында, тағам өнімдерінен бөлек, балалардың қолы жетпейтін орындарда сақтаңыз. Теріге жанасуынан аулақ болыңыз. Көзге тимеуін қадағалаңыз. Көзге тиген жағдайда оларды тез арада таза сумен жуыңыз. Контактілік линзаны шешіңіз (егер пайдалансаңыз). Қажет болған жағдайда дәрігерге жүгініңіз, мүмкіндігінше өнім қаптамасын көрсетіңіз.

Сақтау шарты:
Құрғақ ғимаратта +5 °С бастап +25 °С дейінгі температурада сақтау қажет.

Сіздің бағаңыз:
60 руб.